Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдайды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне алаңдайды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы Иран, Израиль мен Ливан арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігіМ Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Біз барлық қатысушы тараптарды сабырлылық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасымен өңірде кең ауқымды соғысқа ұласуы ықтимал жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз», – деді Смадияров.

Қазақстан келіспеушілікті реттеу үшін БҰҰ жарғысы және халықаралық құқық қағидаттары шеңберінде тек қана саяси дипломатиялық жолмен жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұған қоса, еліміздің халықаралық қауымдастықтың ахуалды тұрақтандыруға және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын тұрақты қолдайтынын айта кетті.Ресми өкілдің айтуынша, қазір Иранда 102, Израильде  120, Ливанда 139  қазақстандық консулдықта есепте тұр. Әлі  есепке  алынбаған азаматтар саны нақты белгісіз.

Еске сала кетейік, 1 қазан күні Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге жүздеген баллистикалық зымыран ұшырды. Иерусалим мен Тель-Авив қалаларында жарылыс болды.

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы шиеліністі жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстер Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін болды. 

Сондай-ақ оқыңыз