Қазақстанда су тасқыны, өрт сынды табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылуы мүмкін
Қазақстанда табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылуы мүмкін. Бұл туралы Kazakhstan Insurance Forum 2024 барысында ҚР ҚНРДА Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары Елена Филимонова айтты.
Жиын барысында сарапшылар Түркияда халықтың 60%-ы сақтандырылғанын атап өтті. Бұл ретте олар газ, су сынды коммуналдық жүйелерді қосу кезінде апаттық жағдайлардан сақтандырудың болуы міндетті. Алдағы жылдары аталған елде табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылуы мүмкін. Осы ретте «Курсив» тілшісі Елена Филимоновадан «Қазақстанда да мұнай қор құрылуы мүмкін бе?» деп сұрады. Сұраққа жауап берген Қаржы нарығын дамыту агенттігінің өкілі бұл мәселе қазір талқыланып жатқарнын жеткізді.
«Шын мәнінде табиғи апттардан сақтандыру өте күрделі және ауқымды болатыны анық. Сондықтан, ең алдымен, негізгі полисті анықтайтын және ақша жинайтын бір операторды құру жеңілірек болады. Мұндай шетелдік мысалдар көп. Бірақ бұл табиғи апаттардан сақтандырудың жалғыз жолы емес. Әзірге аталған бағытта бірнеше нұсқалар бар», – деді спикер
Оның айтуынша, қор құру идеясы да қарастырылуда. Қазіргі уақытта сақтандыру компаниялары мүлікті сақтандыру бойынша сыйлықақыларды қаржыландыру сынды құралдарды тәжірибеде қолданады. Осы арқылы халық шығындарын өтейді.
«Қазақстанда табиғи апаттардан сақтандыру бойынша коммуналдық төлемдер бойынша, салық арқылы сынды құрылымдық түзетулер енгізуді, сол арқылы сақтандырумен қамтуды қарастырып жатырмыз. Ал шын мәнінде, бұл элементтердің барлығы маңызды, себебі олар халықты сақтандырумен қамтуды күшейтеді», – деді ҚНРДА өкілі.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 23 қаңтар Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Одан кейін 67 адам медициналық көмекке жүгінген, сегіз адам ауруханаға жатқызылған. Олардың үшеуі 2-3 қабаттан секіріп, жарақат алған. Осыдан кейін үйлерін жер сілкінісінен сақтандырған қазақстандықтар саны 80%-ға артқан еді.
Сол тұста Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі мемлекеттік деңгейде жер сілкінісі қаупінен сақтандыру моделін әзірлейтінін хабарлады.
Ал наурыздан бастап Қазақстанның бірқатар облыстарын су басты. Шығындардың нақты сомасы әлі де есептеліп жатыр. Қазірдің өзінде келген шығын көлемі 300 млрд теңгеге жетті.