Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстердің бағыты өзгеріп, ұшу уақыты ұзарды
Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстердің бағыты өзгеріп, ұшу уақыты ұзарды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады.
Әуе компанияның хабарлауынша Таяу Шығыстағы шиеліністі жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстер Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді.
Бұл жағдайда ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:
Алматы – Дубай 20 минутқа
Дубай – Алматы 10 минутқа
Астана – Дубай 55 минутқа
Дубай – Астана 35 минутқа
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларына Иран әуе кеңістігін айналып өтуге кеңес берді.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Израиль аумағына зымыран ұшырған Иран әуе кеңістігін жапқан еді. 2 қазанға қараған түні Иран Израиль мемлекетіне зымырандар ұшырды. Кейбір ақпарат құралдары Тегеран жүздеген зымыран атқаны туралы жазды.
Сонымен қатар, Market Watch мәліметінше Иран Израиль арасындағы зымыран шабуылынан жасағаннан кейін америкалық акциялар құлдырады.