Жаңалықтар

Иранның Израильге шабуылы қор нарығын шарпыды, америкалық қару өндірушілердің құнды қағаздары қымбаттады

Иран Израиль арасындағы қақтығыс қор нарықтарына қалай әсер етті / Фото: Reuters Amir Cohen

Иран Израиль арасындағы зымыран шабуылынан жасағаннан кейін америкалық акциялар құлдырады. Бұл туралы Market Watch жазады.

о, Spartan Capital Securities-тің нарықты талдаук жөніндегі бас маманы Питер Кардило, мұнда екі фактор бар екенін айтады: «Әдетте, қазан айының бірінші және екінші апталары акциялар үшін өте құбылмалы, ал қазір оған соғыс факторы қосылды».

Осылайша, S&P 500 0,93%-ға, Dow 0,41%-ға, Nasdaq 1,53%-ға құлдырады. Тұрақсыздық жағдайында алтын-энергетика секторының қорлары күрт қымбаттап, қару өндірушілердің үлесі өсті. АҚШ мемлекеттік облигациялары да құлдырады.

ICE АҚШ долларының индексі геосаяси шиеленістердің өсуіне байланысты екі аптадағы ең жоғары деңгейге жетті. Сейсенбіде 0,5%-ға өсті. Бұл – 18 қыркүйектен бергі ең жоғары деңгей.

«Тұтастай алғанда, Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты нарықта құбылмалық сақталады», деді Бен Амос, Fed Watch Advisors компаниясының бас инвестициялық директоры.

Айта кету керек, Иран бұл жолы 180 зымыран атқылаған. Сондықтан, бұл шабуыл екі ел арасындағы текетірес тарихындағы ең ауқымдысы. Биыл сәуір айында да жойқын шабуыл жасалған. Алайда, ол кезде Израиль жауап бермеген болатын.

Осы жолы Тегеран толыққанды жауап соққы береміз деп мәлімдеді. Ал, АҚШ Израильді қолдайтынын хабарлады.

Бұл жағдай америкалық қару өндіруші компаниялардың құнды қағаздарына зор ықпал етті. Мысалы, F-35 жойғыш ұшақтарын өндіруші Lockheed Martin компаниясының акциялары қор биржасына саудаға шықаннан бергі ең жоғары шегіне жетті.

Lockheed Martin акциялары 3,64%-ға шарықтап, бір ұағаз үшін 605,86 долларды құрады.

Қару және стратегиялық бомбалаушы өндіруші Northrop Grumman бағалы қағаздары сауда күнін шамамен 2023 жылдың қаңтар айының басынан бергі ең жоғары деңгеймен аяқтады: олар 2,99% қосты және 543,88 долларға жетті.

Қару-жарақ пен әскери электроника өндіретін Kratos Defence & Security Solutions акциялары 6,52%-ға өсіп, 24,82 долларды құрады. Компания құнды қағаздарының бағасы үш жылдан бері дәл бұлай шарықтамаған.

Электрондық және ақпараттық жүйелерді әзірлеуші ​​L3Harris Technologies акциялары 3,12%-ға қымбаттады. Екі жылда тұңғыш рет 245,29 долларды құрады.

Дегенмен, сарапшылардың ппайымдауынша, Израиль мен Иран арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы америкалық қорғаныс компанияларының өніміне деген сұраныстың айтарлықтай өсуіне әкеліп соға ма, жоқ па, бұл әлі белгісіз. Бұл туралы Capital Alpha Partners басқарушы серіктесі Байрон Каллан мәлімдеді деп жазады MarketWatch.

«Иран мен Израиль арасында зымырандармен әуе шабуылына негізделген ұзаққа созылған соғыс басталса ғана, қару-жарақ компанияларының акциялары шарықтайды. Ресей, шамасы, Иранның әуе қорғанысына көп көмек көрсете алмайтын сияқты. … Бірақ Ресей Иранға басқа түрде көмек көрсете алады», – деді Каллан.

Дегенмен, сарапшылар Иранның Израильге шабуылдары қаншалықты ушықса да ол америкалық қаржы нарықтарына зиян келтіруі екіталай екенін айтады. Өйткені, Иранның Израильге толыққанды жауап қату мүмкіндігі аз деп топшылайды. Сондықтан Rapidan Energy президенті Боб МакНаллидің пікірінше: «Жағдайдың нарыққа әсері Израильдің жауабына байланысты болады».