Цифрландыру Қазақстан экономикасын және қазақстандықтардың өмірін жылдам өзгертіп келеді. БҰҰ-ның елімізді электрондық үкіметті дамыту тұрғысынан әлем бойынша 28-орынға қойғаны кездейсоқ емес. Бірақ біз мақтана алатын нәрселер тек мемлекеттік қызметтермен шектелмейді. Тауар мен қызметті онлайн-сервистер арқылы алу жиілеп келеді. Платформалық жұмыспен айналысатын адамдар саны да артуда: курьерлер, такси жүргізушілері, дәрігерлер, жөндеу компаниялары ірі платформалық сервистерге қосылып, олардың көмегімен клиент табады.
Бизнес бір жағынан жеңілдесе, екінші жағынан күрделене түсуде. Киберқауіпсіздік мәселесі аса өзекті болып тұр, заң шығару ісі де нарықтың дамуына ілесе алмай жатыр. Жаңа бизнес форматтарына салық салу мәселелері талқылануда. Осы және басқа да мәселелер нарық қатысушылары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің талқысына салынып, 2024 жылдың 22 қазанында Алматыда Intercontinental Almaty қонақүйінде KURSIV ECOSYSTEMS FORUM 2024 тәуелсіз форумы алаңында талқыланады. Форумға тіркелу сілтемесі:
Цифрлық және цифрланған бизнес көптеген елде күрт артып, қарқынды дамуда. Қазақстан да осы қатарда. Өткен жылы елде электронды коммерция нарығы (бөлшек сауда) 24,3%-ға өсті. Оның көлемі 2,44 трлн теңгеге жетіп, ЖІӨ-нің шамамен 2%-ын құрады. Маркетплейстер өзгерістердің алдыңғы қатарында тұр: олар 2023 жылы сатылым көлемін екі есе арттырды, ал мұндай сервистер арқылы жасалған сауда саны бірден 126%-ға өсті. Мұнымен салыстырғанда онлайн-дүкендердегі сауданың өсуі аз көрінеді (15%), бірақ бұл жалпы бөлшек сауданың көрсеткішіне қарағанда (7,7%) әлдеқайда жылдам.
E-commerce-тің дамуы финтехтің кеңеюімен қатар жүруде. Өткен жылы онлайн транзакциялар саны 84%-ға өсті, ал орташа чек 26,8 мың теңгені құрады. Сатушылар банктермен, төлем жүйелерімен, микроқаржы ұйымдарымен бірге жаңа қаржылық қызметтерді дамытты: түрлі кредит құралы және бөліп төлеу қызметі ұсынылды. BNPL («қазір сатып ал, кейін төле») әдісі сатып алушыларды белсенді болуға итермелеп келеді.
Маркетплейстерде сатылатын ең танымал тауарлар қатарында гаджеттер, тұрмыстық техника, құрылыс және жөндеу тауарлары, авто- және мотоцикл бөлшектері, үйге арналған текстиль, киім-кешек, балалар ойыншықтары, косметика және басқа да тауарлар бар. Сонымен қатар, гирлянда, телефондарға арналған қап, кітап, футболка, көйлек, шұлық, іш киім, пижама, иіссу секілді алуан түрлі тауар да белсенді түрде сатылады.
Маркетплейстер мен онлайн-дүкендер клиентті тіпті онлайн нұсқасы бар оффлайндағы сауда алаңдарынан да тартып алып жатыр. Екі жыл бұрын бөлшек электронды сауданың жалпы көлемінде жеке интернет-ресурстардың үлесі 43% болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 27%-ға дейін төмендеді. Ал сан жағынан жеке интернет-ресурстардағы тапсырыстар 25,5 миллионнан 13 миллионға дейін екі есе азайды. Көбіне шағын кәсіпорындардың саудасы түсіп кетті (–68,8%).
Дегенмен, сауданың басым бөлігі әлі де оффлайнда жүреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша e-com-ның бөлшек саудадағы үлесі 12,7%-ды құрады.
Қазақстанда кемінде 500 мың адамды қызметкер ретінде қамтып отырған (ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жыл бойынша ақпараты) онлайн-такси және жеткізу қызметтерінің кеңеюі жаңа секторды реттеу қажеттігін туғызды. 2023 жылдың шілде айынан бастап Әлеуметтік кодексте платформалық жұмысты реттейтін нормалар, салық салу механизмі мен салық мөлшерлемелері пайда болды. Алайда әртүрлі ойыншының міндеттері мен құқықтары арасындағы үйлесімді табуға тырысу әлі де жалғасуда.
Онлайнның дамуы киберқауіпсіздікті цифрлық экожүйе негіздерінің біріне айналдырды. Заң бұзушылар қазақстандық мемлекеттік органдарға, қаржы ұйымдарына және телекоммуникациялық операторларға белсенді шабуыл жасауда: 2023 жылы және 2024 жылдың алғашқы алты айында шабуылдардың үштен бірі (35%) құпия ақпараттың қолды болуымен аяқталды. Мемлекет пен бизнес үшін клиенттердің жеке мәліметтерінің жоғалуы – жол беруге болмайтын жағдай, одан да қиыны – ақпараттық жүйені басқарудан айрылып қалу және бизнес процесінің тоқтауы.
Нарықтағы ойын ережелері қалай өзгереді? Цифрлық экожүйелер дәуірінде бәсекелестікте қалай жеңіске жетуге болады? Тиімді экожүйе деген не және оны қалай құруға болады? Компаниялар мемлекетпен ортақ тіл таба ала ма, олар бір-бірінен не күтеді? Цифрлық платформалар мен оларда жұмыс істейтін қазақстандықтар салықты қалай төлейді? Біз бірнеше жылдан кейін қандай болашақта өмір сүреміз?
Осы және басқа да көптеген сұрақ 2024 жылдың 22 қазанында InterContinental Almaty қонақүйінде KURSIV ECOSYSTEMS FORUM 2024 алаңында талқыланады.
Шарада Қазақстанның ірі цифрлық компанияларының өкілдері, шетелдік нарық қатысушылары, мемлекеттік органдар өкілдері, тәуелсіз сарапшылар сөз сөйлейді.
Форумның бас серіктесі – Kaspi.kz
Стратегиялық серіктес – Yandex Qazaqstan
Ресми серіктес – Ozon
Ақпараттық серіктестер – Kapital.kz, WeProject.Media, The-Tech.kz, DigitalBusinesskz, Bluescreen.kz, Kolesa Group, FINANCE.kz телеграм-арнасы, TENGENOMIKA телеграм-арнасы, НЕХабар телеграм-арнасы.
Форум спикерлері
- Тимур Турлов, CEO Freedom Holding Corp.
- Дмитрий Ботанов, CEO Kolesa Group
- Мөлдір Рысалиева, Қазақстандағы Ozon басшысы
- Тайыр Байдүйсен, Қазақстандағы Яндекс Такси жетекшісі
- Аскар Ақшабаев, 1Fit фитнес-стартабының Chief Technology Officer-і және негізін қалаушылардың бірі
- Мұхтар Ілиясов, Күнделік құрылтайшысы және дамыту жөніндегі директоры
- Елена Бычкова, «Цифрлық Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ басқарушы директоры
- Мемлекеттік органдар өкілдері: салалық министрліктер, реттеуші органдар
Форумға тіркелу: https://kz.kursiv.media/special/ecosystems-forum/
Форум материалдары БАҚ-та жарияланып отырады.