Александр Машкевич пен Патох Шодиевке тиесілі Eurasian Resources Group-қа марқұм Алиджан Ибрагимовтың ұлы СЕО болып тағайындалды

Жарияланды

Шухрат Ибрагимов бұрын бас атқарушы директордың бірінші орынбасары болды/Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Eurasian Resources Group СЕО (бас атқарушы директоры) болып Шухрат Ибрагимовтың тағайындалғанын жариялады.

«Бенедикт Соботка он жылдан аса уақыт білек сыбанып жұмыс істеді. Әлі де ERG командасымен байланыста қала береді. Шухрат Ибрагимов бұрын бас атқарушы директордың бірінші орынбасары болды. Оның СЕО болып тағайындалуы ERG басқармасындағы жаңа межеге сәй келеді», – делінген Eurasian Resources Group баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шухрат Ибрагимов – Алиджан Ибрагимовтың ұлы. Ол ERG-дің Басқарушы компаниясы Бақылаушы кеңесінің төрағасы,  ERG S.à r.l. директорлар кеңесінің мүшесі, таяуда Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Eurasian Resources Group – табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын алпауыт компаниялардың бірі.

ERG иелеріне келсек, қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы (марқұм Алиджан Ибрагимовтың жұбайы Мукадасхан Ибрагимова және төрт ұлы Достан, Даврон, Шухрат и Фурхат) – әрқайысы 20,7%-дан, Патох Шодиев – 18,6%.

Мұның алдында ERG құрылымына кіретін «Шұбаркөл Көмір» компаниясының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірісін 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге, яғни 41,5 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін қысқартқаны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз