Lifestyle

Оңтүстік Кореядағы сұлулық байқауына 81 жастағы қария қатысты

Оңтүстік Кореядағы сұлулық байқауына 81 жастағы қария қатысты / Фото: BBC

Өзіңізді 80 жасқа келгенде қандай боламын деп елестетесіз? Көбіне  бақша егемін, тіл үйренемін, әлем аралаймын, немере бағамын деген жауап естейміз. Ал сұлулық байқауларына қатысамын деген ой тумай ма? 

Корея азаматы Чхве Сун Хва 81-ге шыққан шағында өзінен 4 есе жас келіншектермен бақ сынасып, «Оңтүстік Корея аруы» байқауында бақ сынады. 

Жыл соңында мексикада өтетін «Әлем аруы» сұлулық жарысына жолдама алғысы келетін Чхве Сун Хваның жас кезінде ауруханада қызмет еткен. Көпшіліктің «Неге?» деген сұрағына ол: «Балалар өсіп, өз бетімен кеткен соң адам өзімен жеке қалады. Сол кезде нақты не қалайтынын түсінген абзал» деді. 

«Өз ісіңізді тапқан кезде энергия пайда болады. Сол энергия әрі қарай жылжуға жетелеп, өмірге оң көзқараспен қарауға, адамдармен сау қарым-қатынас құруға, жалпы саулығыңызға әсер етеді», – дейді Чхве Сун Хва.

Бұл шешімді ол 72 жасында науқастарының бірі келбетіне тамсанып, «неге модель болмасқа» деген ой тастағаннан кейін қабылдаған. Жай пікірдің өзі 72 жастағы әйелге сенімділік беріп, бірнеше жылға созылған қаржылық қиындықтан құтылуға жетелеген. «Сол кезде бәрінен айырылуға жақындап едік. Сол бір ауыз сөз күш берді», деп ризашылықпен еске алады модель қарт. 

Фото: BBC

Бірнеше жылдың ішінде Чхве Сун Хва Оңтүстік Кореядағы танымал тұлғаға айналды. Ел ішіндегі сән апталарына жиі шақыртылса да, шетелде бақ сынауға жүрексініп жүрген. Ал биыл Чхве ханым 9 жаста болғанда алғаш ұйымдастырылылған «Әлем аруы» байқауындағы 28 жастан асқан азаматтарға қатысуға болмайды деген тыйымды алып тастағанын хабарлады. Бұл жаңалықты ести сала Чхве Сун Хва қатысуға бел байлап, осылайша байқау тарихындағы ең жасы үлкен сұлуға айналып отыр. 

«Ойлағанымнан да керемет өтті. Бірнеше жыл бойы модель ретінде халықаралық сахнаға шығып көргім келіп жүрген. Дегенмен мұндай тәжірибе бұрын-соңды болмаған соң қандай жолмен жүріп, қалай жетерімді білмедім. «Әлем аруы» байқауы жас шектеуін алып тастаған соң халықаралық деңгейге шығатын бірден бір жол осы деп білдім», – дейді ол. 

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, шектеуді алып тастауға жыл сайын байқауға қатысуға әртүрлі адамның ұсыныс білдіретіні себеп болған. «Әлем аруы» бұрынғыдан өзгерек. Өйткені отбасылы әйелдермен қатар жалғызбасты аналар, тіпті трансгендер әйелдер де қатысуға ниет білдіріп жүр екен. Дегенмен Чхве Сун Хваның қатысуы үлкен резонанс тудырды, қатысушылар да аң-таң болды. 

«Қатысушылар жасымды естігенде қатты таң қалды. “Сіз сияқты қартайғымыз келеді» дегендер көп болды”, – дейді байқаудың ең үлкен қатысушысы. 

Фото: BBC

Чхве Сун Хва дегеніне жетті, бұл жаңалық халықаралық деңгейде талқыланып, көптеген газет-журналдың бас бетінде көрінді. 

Алайда Мексикаға жолдама алу бұйырмады. Өйткені «Оңтүстік Корея аруы» титулын 22 жастағы Хан Ариель жеңіп алды. Чхве ханымға «Ең сәнқой» атағы бұйырды. 

“Қатысқанымның өзі керемет тәжірибе мен марапат. Осы жасымда осындай батыл қадамға барғанымның өзі сұлулық стандартына өзгеріс енгізуге түрткі болды деп сенемін. Мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған соң шу да, түсініспеушілік те көп. Қарт модельдер де халықаралық жарыстарға қатыса алатын күн туатынына сенемін. Дегенмен қазір жастардың көрінетін, сахнаға шығатын кезі», – дейді ару. 

Қандай жағдай болмасын сенімді жанкүйерлері барын, үйде күтіп отырғанын қуана жеткізді. Чхве ханымның 23 пен 24 жастағы немерелері әжесінің – ең үлкен мотиваторлары. 

«Әжеміз ең сұлу, ең заманауи, бастысы ең әдемі – деп жігерлендіріп, қанаттандырып отырады», – дейді Чхве ханым.