СІМ көшпенділер ойындарында көкпар нәтижелеріне наразы болған қырғызстандықтарға жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
«Это всего лишь игра». МИД ответил кыргызстанцам, недовольным результатами матча по кокпару на Играх кочевников
Ведомство бір ойынның нәтижесі екі бауырлас халықтың қарым-қатынасына әсер тигізбейтінін жеткізді / worldnomadgames.kz, бильд-редактор: Аружан Махсотова

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров таяуда өткен көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары арасындағы келіспеушілікке қатысты өз пікірін білідірді.

Смадияров финалдан кейін марапаттау рәсіміндегі қырғыз көкпаршыларының әрекеті екі елдің қарым-қатынасына еш әсер етпейтінін айтады.

«Біз Қырғызстанмен жақсы қарым-қатынастамыз, егер спорт саласында қандай да бір даулар туындаса, бұл жай ғана спорт. Ешқандай саясат жоқ. Біз ғасырлар бойы көрші болдық және солай қала береміз. Ат үстіндегі ер мінезді  халық қой. Әрине олардың қаны қайнап, эмоцияға ерік берді. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Ондай болып тұрады. Десе де екі елдің қарым-қатынасына еш әсер етпейді,- деді  Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, 12 қыркүйек күні Астанада көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық ойын барысында екі елдің көкпаршылары арасында қақтығыс болып, Қазақстанның ҰҚК қызметкері қырғыз көкпаршысына қысым көрсеткен деген ақпарат тараған еді. 

Сондай-ақ көкпарда болған дауға байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров «қамшының соққысынан қорқатын болса, көкпар ойнамай-ақ қойсын» деп пікір білдірген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз