СІМ геосаяси ахуалы ушыққан Таяу Шығыстағы қандастарға көмек көрсетілмейтінін мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
СІМ өкілі өзге елдің азаматтығын алған қандастарға Қазақстан тарапы еш көмек бере алмайтынын айтты / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперв

Геосаяси ахуалы ушығып тұрған Израиль, Иран және Ливандағы қандастарға Қазақстан үкіметі көмек көрсете ме? Бұл сұраққа  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.

СІМ-де өткен баспасөз брифингінде журналистер геосаяси ахуалы өршіп тұрған Таяу Шығыстағы қандастардың мәселесін көтерді.

«Қандастарымыз елге қайтып оралуға ниет білдірсе, Қазақстан тарапынан қандай да бір көмек көрсетеді ме? Оларды біз қайтарып ала аламыз ба?»,- деп сұрады  БАҚ өкілі.

СІМ ресим өкілі бүгінде Қазақстан азаматтарын қауіпті аймақтан елге аман-есен жеткізу мәселесі ғана  тұрғанын айтады. Ал ата-жұртқа оралғысы келген қандастарға Қазақстан билігі әзірге көмек бере алмайды. Өйткені олардың азаматтығы басқа.

 «Қандас болса да, ол сол елдің азаматы. Оларды біз елге шығара алмаймыз. Екіншіден 30 жылдың ішінде Қазақстанға көшемін десе баяғыда көшетін еді. Сондықтан әзірше ең бірінші мақсатымыз Қазақстаның азаматтары. Алдымен өзіміздің азаматтарымызды көшіріп алайық, сосын басқаларға кірісеміз.  Егер сондай ұсыныс түссе…»,- деді  Айбек Смадияров.

Журналистер қандастар елшілікке көмек сұрап барған жағдайда, қандай әрекет болады деп сұрақты нақтылады.

«Көмек сұраса сол елдің азаматтары, сол елдің билігіне барып хабарлассын»,- деп түсіндірді ҚР СІМ өкілі.

Айта кетейік, Израиль, Иран, Ливан мемлекеттеріндегі Қазақстан елшілігі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. ҚР СІМ өкілі Иранның Израильге шабуылы салдарынан қазақстандықтар зардап шекпегенін де мәлім етті.

Еске сала кетейік, 1 қазан күні Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге жүздеген баллистикалық зымыран ұшырды. Иерусалим мен Тель-Авив қалаларында жарылыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз