Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 млрд теңге үнемдегенін мәлімдеді

Жарияланды

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов осы саланы цифрландырудың арқасында 1 млрд теңгеден аса қаржы үнемделініп отыр. Әрі бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі.  Бүгінде субсидия алғысы келген 123 мыңға тарта ауыл шаруашылығы еңбеккерлері электронды жүйелер арқылы өтінім берсе, соның 60 080-ні қазір мақұлданған. Қаржылай көмектің жалпы көлемі – 254 млрд 521 млн теңге. Әлі 40 858 өтінім қаралу үстінде.

Вице-министрдің айтуынша, цифрландыру ауыл шаруашылығы саласына кеңінен енгізіліп жатыр. Бүгінде төрт ақпараттық жүйе іске қосылған. Атап айтқанда, олар – субсидиялау, «Ауыл Аманаты» халықты кредиттеу, жануарларды бірдейлендіру ақпараттық жүйесі мен e-Agriculture агроөнеркәсіпті кешен салаларын басқарудың бірыңғай жүйесі.

Десе де, цифрландыру жұмыстары мұнымен шектелмейді. Өсімдік шаруашылығын қадағалайтын ақпараттық жүйе қазір дайындалып жатыр. «Е-АӨК» атты агроөнеркәсіптік кешен экожүйесінің бірыңғай цифрлық платформасын жасау жоспарға енгізілген.

Бағлан Бекбауов 2023 жылы іске қосылған Субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы министрліктің 14 бағыт бойынша тұрақты мемлекеттік қолдау көрсетілгенін айтты. Пайдаланушының саны 90 мыңнан асып жығылған. Олардың ішінде фермерлер, әкімдіктер және қаржы институттары бар. 350-ден астам қаржы институты қолданушы ретінде тіркеліп, тегін қызмет алып отыр.  

Сонымен қатар, министрлік мал шаруашылығы мен мал дәрігерлік жүйесін цифрландыруға ерекше назар аударып отыр. Қадағалау автоматты түрде жүзеге аспақ. Ал e-Agriculture құрамындағы «Ветеринарлық қауіпсіздік» Кеден одағы ішінде тасымалданатын өнімдерді бақылайды.

Биыл осы жүйелер арқылы 55 мыңға жуық ветеринарлық сертификат, 1 миллионна аса анықтама беріліпті.

Сондай-ақ оқыңыз