«Теңге бағамы мұнайға тікелей тәуелді емес»: сарапшылар ұлттық валюта бағамына не әсер ететінін айтты
2024 жылдың басынан бері доллардың теңгеге қатысты бағамы 454.56 теңгеден 483.23 теңгеге дейін жетті. 9 айда ұлттық валюта 6,3 пайыз әлсіреген.
Кейінгі күндері Таяу Шығыстағы текетірестің шиеленісуі мұнай, қор және валюта нарығына әсер етті. Бұған дейін арзандап жатқан мұнай бағасы бірден 5 пайыз қосып, трейдерлер Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асады деген болжам жасап отыр. Алайда мұнай қымбаттағанымен, ұлттық валюта әлсіреп жатыр. 2 қазан күні долдардың ресми бағамы 480,11 теңге болса, ертесі 3 теңгеге қымбаттап 483,23 теңгені құрады.
Осы ретте сарапшылардан әлемдік нарықтағы жағдай мен мұнай бағасының құбылуы теңге бағамына қалай әсер етеді, теңге құнсыздана ма деп сұрап көрдік.
Сарапшы Арман Бейсембаев Қазақстан валютаның таргеттелетін курсынан бас тартқандықтан, «девальвация» деудің өзі дұрыс емес деп екені айтады. Өйткені Қазақстан еркін бағамды ұстанады. Теңге тек әлсіреп, бағамы біртіндеп төмендеуі мүмкін.
2015 жылдан бері теңгенің қатты әлсіреуіне көбіне сыртқы немесе ішкі факторлар әсер еткен.
Арман Байсенбаев теңге алдағы уақытта біқалыпты әлсірей беретінін айтады. Өйткені валютаның қатты құнсыздануына әкеп соғатындай фактор жоқ. Валюта қатты құнсыздануы үшін Ресейдің Украинаға басып кіруі, Қаңтар оқиғасы сынды қатты соққы болатын жайттар орын алуы керек. Ол Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында теңгенің құнсыздануы тиімді болып тұр деп тұжырымдайды.
«Қалай десек те, Қазақстан экономикасы шикізат бағасына тәуелді. Шетке шикізатты доллармен сатамыз. Ал қымбат долларды теңгеге айырбастағанда, бюджеткен түсетін түсім көлемі артады», – дейді сарапшы.
Десе де экономист 2025 жылға қарай доллар бағамы 500 теңгеден асуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
«Курсив» сауалына жауап берген Ұлттық Банк баспасөз қызметі ҰБ-ның теңге бағамына болжам жасамайтынын және таргеттемейтіні атап өтті. Бағам тек нарық факторларының негізінде қалыптасады.
«Теңге бағамы негізгі факторлардың әсерінен қалыптасады, ал оның ауытқу амплитудасы нарыққа қатысушылардың күтуі мен әлемдік нарықтардағы динамикаға байланысты болады», – деп атап өтті Ұлтты банк.
Бас банк валюталар бағамы қор нарығында күнде құбылатынын, биржа тарихында бір сауда сессиясында айырмашылық 10 теңгеге дейін жеткен күндер болғанын айтып өтті.
Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв кейінгі 2-3 жылда теңге бағамы мұнай бағасына тікелей тәуелді емес екенін айтады. Теңге бағамына әсер ететін факторлар біршама.
«Мұнай бағасы 100 доллардан асқанда теңгенің құны өскен жоқ. Сосын мұнайдыі баррелі 68 долларға дейін төмендер кетті, ал ұлттық валюта құлдыраған жоқ. Сондықтан теңге бағамына мұнай тікелей әсер етпейді. Әрине, теңге сәл әлсіреді, ол алаңдауға тұрарлық емес», – деді ол.
Андрей Чеботарёв те өзгермелі валюта бағамын ұстанатын елде давальвация болуы мүмкін емес екенін айтады. Алайда сыртқы-ішкі нарықтағы «шок» құбылыстар, валюта бағамына кері әсер ету ықтимал. Бірақ оларды ешкім болжап айта алмайды.
«Теңге расында қа құнсыздануы мүмкін, алайда оны біреу жоспарлы түрде жасамайды. Оған бір жайт қатты әсер етуі ықтимал. Мәселен, Ресей-Украина әскери қақтығысының өршуі, қайталама санциялар болмаса әлемдік нарықтан соққан дауыл теңге бағамын құлдырата алады. Алайда оны ешкім дәл болжай алмайды. Дәл қаріз теңге бағамын қатты әлсірете алатындай ешқандай фактор көріп тұрған жоқпын», -деді сарапшы.
Бұл ретте маман Қаржы министрлігі мен бюджетке теңгенің әлсіреуі тиімді екені айтады.
«Теңгенің әлсірегені бюджетке тиімді болса да, наурызда ұлттық валюта нығайған кезде, Ұлттық банктің валюта бағамына араласпағанын байқадық. Әлсіз теңге бюджетті толықтыруға жақсы көмек берер еді. Алайда Ұлттық банк қанша қиын болса да өзі позициясын ұстап тұр. Өйткені республикалық бюджетке трансферт қамтамасыз ету үшін күн сайын Ұлтты қордан ақша аламыз. Екіншіден, оның сяси жағы да бар. Бағамға араласса, Үлттықа банк Үкіметке тәуелді болып шығады», – деді ол.
Жалпы қазіргі кезде мамандар теңге бағамына әсер ететін бірнеше факторды атайды. Олар: жоғары пайыздық мөлшерлеме, елдің егемен рейтингісінің өсуі, бейрезиденттер тарапынан мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сұраныстың артуы, Ұлттық банктің көптеп валюта сатуы. Алайда Halyk Finance талдау орталығының сарапшылары Мұрат Темірханов пен Мадина Қабжалалова да Ұлтты қордан алынған орасан трансферт теңге бағамының нығаюына ықпал ете алмағанын жазады. Сарапшылар Ұлттық қордан валюта сатудың тұрақсыздығына байланысты нарық субъектілері мен халықтың ұлттық валютаға деген сенімі төмен деп мәлімдейді.