Балалардың цифрлық гигиенасына ата-ана жауапты – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Балалардың цифрлық гигиенасына ата-ана жауапты – Тоқаев / Фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қатысты кез келген қайғылы оқиғалар жанына бататынын айтып, балалардың цифрлық гигиенасына ата-аналар жауапты екенін атап өтті. 

«Балаларға қатысты кез келген қайғылы жағдай менің жаныма батады. Мемлекеттік органдардың назарын дереу осындай жағдайларға аударып, тиісті тапсырмалар беріп, орындалуын тұрақты бақылауымда ұстаймын», – деді Тоқаев Мәслихат депутаттарының форумында.

Президент дамуға даңғыл жол салатын заманауи технологиялардың қаупін де ескеріп, балаларға цифрлық гигиенаны үйретуді шақырды.

«Ата-аналар балаларының тәрбиесін мемлекетке немесе мектепке ысыра салмауы керек. Гаджеттердің құрсауында қалдыруға тіпті болмайды. Балаларына цифрлық гигиенаның қарапайым ережелерін үйретуге ата-ана жауапты», – деді Тоқаев.

Бұған қоса, президент жасөспірімдер арасында шынайы қаһармандарды насихаттауға шақырды. Мысал ретінде Дүниежүзілік олимпиада күміс алған шахматшы қыздарды атады.

Осыған дейін Дағдарыс орталығының психолог маманы Кенжина Сабина Kursiv тілшісіне жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуына қандай себептер барын айтып берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз