Lifestyle

Грузия парламентінің төрағасы ЛГБТ-ға қарсы заңға қол қойды

Грузия парламентінің төрағасы ЛГБТ-ға қарсы заңға қол қойды / Фото: AFP

Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили ЛГБТ насихатына қарсы заң жобаларының пакетіне қол қойды.

Қол қою кезінде төраға «заң ақылға, тарихи тәжірибеге, сондай-ақ христиандық, грузиндік және еуропалық құндылықтарға негізделген» деп мәлімдеді. 

DW ақпаратына сүйенсек, Папуашвили 3 қазанда ЕуроОдақ ЛГБТ-ға қарсы деп баға берген «Отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заңға қол қойған. Парламент төрағасы қол қойғандықтан, заң жобасы ресми күшіне енетін болады.

Заң жобасындағы негізгі өзгерістер:

  • ЛГБТ тақырыбына қатысты мәселелер бойынша БАҚ пен мектептерге цензура енгізу;
  • Жынысты ауыстыру бойынша операциялар мен заңды рәсімдерге тыйым салу;
  • Грузияда заңдастырылмаған болса да, бір жынысты некеге тыйым салу;
  • Гетеросексуалды емес ерлі-зайыптылардың (ЛГБТ өкілдердің) бала асырап алуына тыйым салу.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, 17 мамыр ата-аналарға құрмет күні ретінде белгіленуі тиіс.

Грузия парламенті 17 қыркүйекте осы заң жобасының пакетін қабылдаған. Президент Саломе Зурабишвили заңға қол қоюдан бас тартты, дегенмен вето қойған жоқ. Бұл пакет түзетулер енгізу үшін Парламентке оралмайтынын білдіреді.