Lifestyle

Тоқаев мопедтерді тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойды

Тоқаев мопедтерді тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойды / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мопедтерді тіркеп, жүргізуші куәлігімен жүруге міндеттейтін заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша мопед жүргізушілеріне тіркеуден өту үшін 6 ай уақыт берілетін болады.

Мопед жүргізушілері мемлекеттік баж салығын төлейді, оның мөлшері 0,25 АЕК. Көлікті тіркеу үшін өтініш жазып, жеке куәлігін көрсетуі керек. Оларға А1 деңгейіндегі жүргізуші куәлігі беріледі.

Заң жобасын сәуір айында Мәжіліс қарап бастап, қыркүйекте Сенат қарауына келіп түскен. Сенаттағы заң жобасын таныстыру кезінде елде 80 мың мопед бары белгілі болған. Олардың барлығының мемлекеттік тіркеуі жоқ.