Lifestyle

Футболдан Қазақстан – Словения ойынына билеттер қаншадан сатылып жатыр?

Қазақстан – Словения ойынына билеттер қаншадан сатылып жатыр? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

13 қазан күні Алматыда Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан – Словения матчына билеттер сатылымға шықты, бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Тикетон мәліметінше ең арзат билеттің құны 3.000 теңгеден басталса, ең қымбат билет 12.000 теңге тұрады. Сондай-ақ, стадиондағы орындарға байланысты билет құны 5000-8000 теңге аралығында құбылады.

Тағы бір ерекшелік, бұл жолы Қазақстан футбол федерациясы Freedom Ticketon операторымен бірлесіп билеттерді «атаулы» жасап отыр. Яғни, сайттан билетті сатып алған кезде аты-жөніңізді енгізесіз. Сондай-ақ, матчқа кірерде жеке куәлікпен билетіңізді растауыңыз керек.

«Әрбір билетте матчқа келушінің толық аты-жөні көрсетілуі керек екенін ескеріңіз. Стадионға кіру кезінде жеке басын растайтын құжатты көрсету керек. Егер билеттегі ақпарат клиенттердің аты-жөнімен сәйкес келмесе, матчқа кіруге тыйым салынады», делінген Ticketon хабарламасында.

Федерацияның мәліметінше, бұндай өзгеріс келеңсіз жағдай мен алыпсатарлардан сақ болу үшін жасалынып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан-Словения ойыны 13-қазан күні Алматының орталық стадионында, сағат 18:00 өтеді.

Бұған дейін Словения астанасы Люблянада өткен ойында Ұлттық құрама Словениядан 3-0 есебімен ұтылған еді.

Билеттерді тек қана ресми билет операторы Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.