Lifestyle

«Формула-1» автокөлік жарыстарының жеңімпазы Михаель Шумахер 11 жылдан кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Шумахер 11 жылдан кейін көпшілік алдына шықты / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Аңызға айналған «Формула-1» жарысшысы Михаэль Шумахер өзінің қызы Джина-Марияның отбасылық вилласында өткен үйлену тойына қатысты. Бұл спортшының 11 жыл бұрын алған бас сүйек-ми жарақатынан кейін алғаш рет көпшілік алдына шығуы.

Неміс басылымдарының мәліметінше, той барысында құпиялықты сақтау үшін қатаң шаралар сақталған. Виллаға кірер алдында қонақтардан телефондарын тапсыруды талап етті, бұл Шумахердің суреттерінің таралып кетпеуіне бағытталған.

Тойға шамамен 100 адам шақырылды. 27 жастағы Джина-Мария Иэн Беткемен некеге тұрды, оның өмірі туралы әлеуметтік желіде көп ақпарат жоқ.

Шумахерді жақын туыстары мен дәрігерлерден басқа адамдардың көруі оның әйелі Коринна Шумахердің құпиялылық сақтау талаптарын жұмсарта бастағанын көрсетеді.

Еске сала кетсек, 2013 жылдың 29 желтоқсанында Шумахер француз Альпілерінде шаңғы теуіп жүріп, тасқа басын соғып, ауыр жарақат алған болатын. Шумахер алты жыл комада жатып, 2019 жылы оянған еді.