«Қашаған» кен орны жөндеу жұмыстарына жабылады
«Қашаған» кен орны жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл жайлы Энергетика министрлігінінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Министрлік хабарлауынша, жөндеу жұмыстары бір айға созылады.
«Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, күнтізбелік 30 күнге созылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Айта кетсек, «Қашаған» кен орнындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай-газ өңдеу кешені уақытша жұмысын тоқтататыны туралы 25 қыркүйекте хабарларланған. Ол кезде Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстары 38 күнге созылатынын мәлімдеген.
Министрлік мәліметі бойынша жөндеу жұмыстары 3 қазаннан басталуы керек болған. Бұл газ тпшылығы туындуы мүмкін екені айтылды. Бұл кезең аралығында жетпейтін газ көлемі шетелден импортталады.
Ал экспортталатын газға келер болсақ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қытайға жөнелтілетін газ көлемі бойынша жылдық міндеттемелер толық орындалғанын жеткізді.
Сонымен бірге министрлік ️Атырау мұнай өңдеу зауытында да жөндеу жұмыстары басталып кеткенін хабарлады. Зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары 25 дней күнге дейін созылады.