«Талаптарды орындамаса, бұғаттау керек»: сенатор Tiktok платформасына шектеу енгізуді ұсынды

Жарияланды
платформасын бұғаттауды ұсынды
Депутат Tiktok платформасын бұғаттауды ұсынды / Фото: Shutterstock; Коллаж: kursiv.media; бильд-редатор: Ахтам Зиперов

Сенат депутаты Геннадий Шиповских Tiktok әлеуметтік желісінің зиянды контенті көп екенін айтып, платформаға қатысты мемлекет тарапынан шектеулерді күшейтуді сұрады.

Қазақстанда бұл желі қолданушылары күннен күнге артып жатқанын, оның негізгі тұтынушылар жастар екенін айтты. Сонымен бірге палтформаның жеке деректерді жинау әдісі күмән тудыратынын, сапалы контент көлемі тым аз екенін де атап өтті. Осы орайда, сенатор шетелдің тәжірибесі негізінде бұлт плаформаға қатысты талаптарды күшейту қажет деп санайды.

«Онда сапалы контент саны өзге контенпен салыстырғанда, шөлге тамған тамшыдай. Видео-роликтердің басым бөлігі қандай сарында екенін мен айтапасам да, өздеріңіз байқап жүрсіздер. Әлемдік тәжірибеге назар салсақ, көптеген елдер әртүрлі себептерге байланысты аталған платформаға ішінара тыйым салып отыр»,- деді ол.

Айтуынша, Tiktok платформасындағы контент бірінші кезекте, санасы әлі дұрыс қалыптасып үлгермеген балалар үшін қауіпті. Ондағы жайсыз мағлұматтар балалардың психикалық денсаулығына, мінез-құлқына теріс әсер етеді. Сонымен бірге, жалған идеяларға жетелеп, тәуелділікке әкелуі де мүмкін. Осы орайда Қырғызстан нақты шешімдер қабылдап, өскелең ұрпақтың психикалық саулығын қамтамасыз ету мақсатында платформаға тыйым салған.

Депутат көрші елдің үкіметі тарапынан қабылданған мұндай шешім балалардың ғана емес, сонымен бірге жалпы азаматтардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін айтады. Өйткені, қазіргі уақытта киберқауіпсіздік мәселесі мемлекет тарапынан ерекше бақылау мен қадағалауды талап ететін сала. Ал аталмыш платформаның киберқауіпсіздік талаптарын қалай орындайтыны күмән тудырады.

«Франция мен басқа да елдер Tiktok-тың пайдаланушылардың деректерін жинау әдістеріне күмәнданып желіге шектеулер енгізді. Қазақстанда да киберқауіпсіздікке назар аударылғаны жөн. Өйткені жеке және мемлекеттік мәліметтердің қорғалуы ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты»,- дейді Шиповских.

Дәл Франция секілді Канада да платформаның пайдаланушылар туралы мәлімет жинау және оларды сақтау тәсілдеріне күмәнданып, тиісті шектеулер енгізген. Сенатор мұндай қадамдарды Қазақстан тарапы да қолдануы тиіс екенін айтады.

Одан бөлек, жалған ақпарат пен арандатушы мазмұндардың көп таралатыны себепті Tiktok-тың елдегі әлеуметтік тұрақтылыққа теріс әсер ету ықтималдығы жоғарылауы мүмкін. Депутат, мұндай контенттің кеңінен таралуы қоғамда дүрбелең туғызып, қоғамдық пікірді бұрмалауға әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Сонымен бірге, плаформада соңғы кездері белең алған жаңа ойын түрлері де алаңдаушылық туғызады. Қазір стримдерде түрлі ойындар мен жарыстар өткізілетінт болған. Оның қатысушылары жеңілген тарапқа тапсырма береді. Сол тапсырмалар кейде рұқсат етілген моральддық шектен шығып жатады.

«Соңғы уақытта стрим форматында өткізілетін жарыстар кеңінен таралып жүр. Ол ойын аясында жеңілген адамға жеңімпаз тарапынан әртүрлі тапсырмалар беріледі. Алғаш қарағанда бұл тапысрамалар қызық әрі көңіл көтеруге бағытталғандай көрінеді. Алайда олардың кейбірі адамның денсаулығына физикалық, моральды зиян келтіретінін байқаймыз»,- деді депутат.

Онда «зеленка іш», «аузыңа шам сал», «іш киіміңді көрсет» деген сынды өрескел тапсырмалар беріледі. Осыларды тізе келе, депутат Шиповских бұл платформаға шектеулер енгізетін уақыт жеткенін айтты. Айтуынша, бұл мәселені депутаттар талай рет көтерген. Алайда, үкімет тарапынан нақты шешім қабылданбаған.

Осы орайда депутат мынадай шешімдер ұсынып отыр:

  • Тик ток платформасы экстремизмді, радикализмді, сепаратизмді және шектен тыс қауіпті, моральдіқ құндылықтарға қайшы контенттерді анықтау және шектеу бойынша нақты алгоритм ұсынуы керек.
  • Әлеуметтік желі жас балаларды онлайн қауіпті контенттен қорғау мақсатында youtube kids баламасы секілді арнайы балаларға арналған желі әзірлеуі тиіс.
  • 13 жасқа толмаған балалардың плаформаға ата-анасының телефонынан кірген жағдайда міндетті түрде face ID технологиясы арқылы бұғаттау механизмін қарастыру керек.

«Бұлай болмаған жағдайда елімізде Tiktok платформасын бұғаттауды сұраймыз»,- деді депутат.

Айта кетсек, «Курсив» Tiktok платформасына тікелей эфирдегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты сауал жолдаған болатын. Компания тұтынушыларға қаупісіз мазмұндағы контент ұсыну үшін қажетті жағдайлар жасалатынын, тікелей эфирге арналған стандарттар бар екенін хабарлады.

«Пайдаланушы қауіпсіздігі – TikTok-тың басты басымдығы. TikTok-тағы қолайлы мазмұнға, соның ішінде тікелей трансляцияларға арналған стандарт талаптарын платформадағы барлық қолданушылар сақтауы керек. Бұл ТikTok қауымдастық нұсқаулықтары мен Пайдаланушы келісімінде көрсетілген»,- делінген жауапта.

Сондай-ақ компания қауымдастық қағидаларын бұзатын мазмұн анықталған жағдайда мұндай контет дереу жойылып, есептік жазба иесіне бұзушылық туралы хабарланатынын жеткізді. Одан бөлек TikTok зиянды мазмұндағы ақпаратты ұсынған авторға қарсы шара қолдануы мүмкін. Мұндайда автордың тікелей эфирге шығу мүмкіндігі шектеліп, оның монетизациясына да теріс әсерін тигізуі мүмкін. Ал егер қолданушы ескертулерге қарамастан, қауымдастық нұсқауларын бұза берсе, есептік жазбаға біржола тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыз