Freedom Holding Corp пен S&P Global PMI®-дің индексін талдау мәліметтері қыркүйек айында қызмет көрсету саласында белсенділіктің қайта өскенін көрсетіп отыр. Тамыз айындағы нашар көрсеткіштердің артта қалып, сұраныстың базалық үрдістері жақсарған. Бұл қазақстандық қызмет жеткізушілерге жаңа тапсырыстардың көбеюіне әкелген. Осыдан кейін іскерлік белсенділік те артқан.
«Қызмет жеткізушілердің қыркүйек айына жасаған жағымды болжамдары дәл келді. Іскерлік белсенділікке оптимизм аймағына ауысуға мүмкіндік туды. Қызмет көрсету саласының бойына қан жүгірді. Сұраныс қалыпқа келіп, инфляциялық қысым азайды. Жаңа тапсырыстар легі толық қалпына келді. Және қайта өсімді көрсетіп отыр», – дейді Freedom Finance Global PLC қаржы талдауы департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов.
Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын құру қарқыны биылғы ең жоғары көрсеткіштерді көрсеткен. Қызмет көрсетушілер әлі де өндірушілермен салыстырғанда баға қысымын аз сезініп отыр. Толығырақ сілтемеден таныса аласыздар.