Ұлыбритания мен ЕуроОдақ энергетикалық қауіпсіздік, заңсыз көші-қон мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істемек

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: dw.com

Ұлыбритания мен ЕуроОдақ ынтымақтаса жұмыс істеуге келісті. Әрине, Лондон шекараны ашып, ортақ нарыққа қайта оралуға дайын емес. Бірақ энергетикалық қауіпсіздік және заңсыз көші-қон мәселелері бойынша ЕО-мен ынтымақтастыққа үміт артып отыр.

2 қазанда Британ премьер-министрі Кейр Стармер Брюссельде Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенмен кездесті. Страмер Еуропалық Одақпен қарым-қатынастың «жаңа сөресі» туралы хабарлады. Оның айтуынша, британ жұртшылығы жақын көршілерімен тең дәрежеде қарым-қатынасты нығайтқысы келеді.

Лондон мен Брюссель мына үш бағыт бойынша жұмыс істегісі келеді:

  • Экономикалық өсім;
  • Энергетикалық қауіпсіздік;
  • Заңсыз миграция.

Тараптар «жоғары қарқынмен ынтымақтастықты нығайтудың күн тәртібін» жандандыруға уәде берді. Өзара қарым-қатынасты қалпына келтіруге арналған саммит келесі жылдың басында өтуге тиіс.

2020 жылдың 1 ақпаны сағат 00.00-де Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Еуропалық Одақтан ресми түрде шықты. ЕО-дан шығу туралы шешім «Brexit» деп аталды.

Сондай-ақ оқыңыз