Lifestyle

Бокстан Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық боксшыны жеңіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды

Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық боксшыны жеңді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол Жаңа Зеландиялық боксшы Стивен Михайловичпен өткен жекпе-жекте нокаутпен сенімді жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.

Жекпе-жек тартысқа толы болды. Алғашқы раундтарда Жәнібек техникалық шеберлігін көрсете отырып, қарсыласынан басым көрінді. Ол жойқын соққыларымен Михайловичтің қорғанысын әлсіретіп, бірнеше рет нокдаундарға түсірді. Нәтижесінде, Жәнібек қарсыласын 9 раундта нокаутқа жіберді.

Жекпе-жектен кейін Жәнібек келісі қарсыластары туралы айтты:

Ең алдымен, мені қолдауға келген барлық жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Жекпе-жекке келер болсақ, мен рингке бір жыл бойы шықпадым. Бұл мен үшін керемет тәжірибе болды.

Менде қазір екі титул бар, енді тағы екі титул жетіспей тұр. Адамес, Лара, мен кез келген уақытта дайынмын! Контракт жіберіңіз, мен қол қоюға дайынмын!, — деді Жәнібек.

31 жастағы Әлімханұлы жеңіліссіз сериясын жалғастырып, IBF және WBO атағын сақтап қалды. Кәсіби рингте ол барлық 16 жекпе-жекте жеңіске жетті оның 11-інокаутпен.

Еске сала кетейік бұл жекпе-жекті Жәнібек осыдан үш ай бұрын өткізу керек еді. Алайда салмақ қуу барысында қазақстандық боксшы есінен танып аурухана түскен.