Шетелдегі қазақстандықтар 59 елде референдумға қатыса алады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Референдум: Шетелдегі қазақстандықтар 59 елде дауыс бере алады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шетелдегі қазақстандықтар 59 елде референдумға қатыса алады, бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

6 қазан күні Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді.

Министрліктің мәліметінше, шетелде тұратын қазақстандық азаматтар да референдумға қатыса алады. Қазақстанның 59 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 74 референдум учаскесі ашылды.

Дауыс беру құқығына ие, Қазақстан азаматтығы бар, шетелде жеке, қызметтік, оқудағы, іскерлік немесе туристік мақсаттармен жүргендер референдумға қатыса алады. Оларға қатысу үшін Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктеріне жүгініп, тіркелу қажет.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 38-бабының 1-тармағына сәйкес, референдум учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 2024 жылғы 6 қазан, жексенбі күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль және Ливан мемлекеттеріндегі референдум учаскілері ашылмайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз