Жеке кәсіпкерлер енді әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесін өзі анықтай алмақ

Жарияланды (жаңартылды )
Орындаушы, яғни кәсіпкер әлеуметтік төлем мөлшерлемесінің таңдалған көлемін айыны бір мәрте (25-сінен кешіктірмей) өзгертеді / Фото: kursiv.media мұрағаты

Интернет платформалар операторы жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеу ережесін бекітті. Жеке кәсіпкерлер енді әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемесін өзі анықтайды. Ол үшін арнайы мобильді қосымша пайдаланылады.

Ондағы «Салық және әлеуметтік төлемдер есебіне арналған мәліметтер» парағына өтіп, «Міндеттемелерді есептеу тәртібі» бөлімшесіне кіру керек. Сосын «Міндеттемелердің стандартты есебі» немесе «4% мөлшерлеме бойынша міндеттерді есептеу» секілді тиісті опциялардың бірі таңдалынады.  

Орындаушы, яғни кәсіпкер әлеуметтік төлем мөлшерлемесінің таңдалған көлемін айыны бір мәрте (25-сінен кешіктірмей) өзгертеді.

Әлеуметтік төлемдер әр айдың 1-і күнінен есептеледі. Жеке табыс салығының мөлшерлемесі табыстың 1% -ы ретінде белгіленеді.  

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу нысаны – орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін орындаушы алған табыс.

Жеке табыс салығы мен төлемдер сомасы ай сайын айдың 15-і күнінен кешіктірілмей есептеледі.

Орындаушының табысы туралы мәлімет Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментіне беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз