Әмір Темірдің ұлты, Ассирияның мифтік патшасы: Qalam-ның апта таңдауы

Жарияланды 5 Қазан 2024 09:03

(жаңартылды 7 Қазан 2024 12:58)
post.authors.0.name

Unknown Author

Әмір Темірдің ұлты, Ассирияның мифтік патшасы: Qalam-ның апта таңдауы / kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: Әмір Темірдің ұлтына қатысты сауалдарға жауап, жануарларға еліктеп, төрт аяқтап жүретін адамдар, Эжен Делакруаның «Сарданапалдың өлімі» картинасы және қола дәуірінен бізге жеткен тасқа қашалған портрет.

Әмір Темірдің ұлты қандай?

Әмір Темір. Самарқандағы Әмір Темір мұражайындағы қабырға суреті/Photo by Tim Graham/Getty Images

Әмір Темір — адамзат тарихындағы ең атақты жаулаушының бірі. Билеуші көп жорыққа шыққандықтан, оған қатысты көзқарастар да алуан түрлі: біреулер үшін ол қайырымды билеуші, тақуа діндар және тарихтағы ең ұлы қайраткер болса, басқалар үшін — аса қатігез жабайы жан. Дегенмен бізде, Орталық Азия аймағында Әмір Темірдің ұлы билеуші екенін ешкім жоққа шығармайды. Керісінше, мұнда көпшілік оны ұлы бабамыз деп танып, мақтан тұтады. Сондықтан Qalam редакциясы Әмір Темірдің жеке тұлғасына қатысты маңызды сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітіп, қалың оқырманның назарына ұсынып отыр.

Ай сөзі: Квадробер

Джордж Фредерик Уотс. Минотавр. 1885/Google Art Project/Wikimedia Commons

2009 жылы жануарларға еліктеу мақсатында төрт аяқтап жүретін спорт түрі — квадробика құбылысы пайда болды. 2008 жылы «Маймыл адам» лақап атымен танымал жапондық Кеничи Ито төрт аяқтап 100 метрге жүгіру бойынша әлем рекордын жаңартты. Алайда уақыт өте келе квадробика қарапайым спорттық әуестік болудан қалып, терең экзистенциалды мәнге ие болды. Ол субмәдениеттегі балалар арасында кеңінен таралып, тіпті жас ұрпақтың адамдық болмысынан айрылуына алып келетіндей қауіп төндірді. Квадробиктер жануарларға байланысты басқа әуестіктерден (мысалы, фурри мен териантроптардан) өзгеше. Барлығы өте күрделі.

Эжен Делакруа. Сарданапалдың өлімі

Эжен Делакруа. Смерть Сарданапала. 1827/Musée du Louvre/Wikimedia commons

Сарданапал — Ассирияның мифтік патшасы. Оған қатысты мәліметтерді біз ежелгі грек-рим деректерінен кездестіреміз, алайда бұл әңгімелердің түпнұсқасы жоғалған. Бізге жеткен дәйексөздер сол кездегі авторлар мен олардың еңбегінен алынған үзінділерге ғана негізделген. Сарданапал бейнесін тарихшылар шынайы ассириялық патшалармен — Ашшурбанипал, Сеннахериб, Син-шар-ишкун және тағы басқалармен салыстырып көрген, алайда бұл талпыныстардың бәрі күмәнді болып шыққан. Шын мәнінде, Сарданапал бейнесі ешбір нақты патшаның өмірбаянына сәйкес келмейді.

Мың жылдар бойына сақталған бейне

Портрет. Аюке/Ольга Гумирова

Қола дәуірінен жеткен тау-тастағы туындылардағы портрет кең таралмаған жанр. Бірақ аса танымал емес Аюке мен Желбарыстағы суреттер шоғырындағы кейіпкерлерге мұқият зер салар болсаңыз, ондағы бейнелердің классикалық портретке ұқсайтынын байқайсыз.

Аталған киелі жер Алматы облысындағы аты жоқ аса биік емес жотада орналасқан. Қазір бұл аймақты кісі аяғы көп баса бермейтін иен жер деуге болады. Өйткені жота маңайында бар-жоғы үш шаруа қожалығы тұр. Ал заманында (оған тастағы петроглифтер дәлел) бұл аймақта қайнаған тіршілік болғанға ұқсайды. Жота етегіндегі желден аман қалған сурет салынған шоқылар — ежелгі қоныстар болса керек.

Сондай-ақ оқыңыз