Танымал отандық әнші Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
ГҮлнәр Сиқымбаев
Танымал отандық әнші Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды / Фото: Facebook Оралхан Дәуіт

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында журналист Оралхан Дәуіт жазды.

Журналисттің жазуынша, Гүлнәр Сиқымбаеваның жаназасы 6 қазан күні Түркістан облысы Төле би ауданы Жамбыл ауданында болады.

«Қайран, Гүлнәр әпке… Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз… Алла Тағалам о дүниеңізді берсін», – деп жазды журналист.

Әншінің елге танымал «Мен саған өкпелемеймiн», «Бишi қайың», «Қыз-қарағай», «Сары бидай», «Мен деп ойла», «Сүйген жүрек», «Туған жер», «Наркескен», «Күз секiлдi» әндері бар.

Сондай-ақ оқыңыз