Израиль Бейруттегі «Хезболла» нысандарына тағы да соққы жасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Израиль Бейруттегі «Хезболла» нысандарына тағы да соққы жасады / Фото: Shutterstock

5 қазан таңертең Израиль әскери күштері Ливандағы «Хезболла» нысандарына әуе шабуылын жасады. Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде жарылыстар болған. 

Израиль әскери күштері тағы да тұрғындарды дереу эвакуациялауға шақырған.

Reuters ақпаратына сүйенсек, әуе шабуылы салдарынан 2000 жылдан бері «Хезболла» байланыс тобының жетекшісі қызметін атқарып келген Мұхаммед Рашид Скафи қайтыс болған. Израиль қорғаныс күштері әскери бункерде болған барлық адамдардың зардап шеккенін хабарлаған.

Таяу шығыстағы жағдайдың шиеленісуі әсерінен Brent маркалы мұнай бағасы шамамен 10% өскен. 

Айта кетейік, Еуропалық Одақ елдері өз азаматтарын Ливаннан асығыс шығарып бастаған. Израиль көрші елдің оңтүстігіндегі елді мекендерді шұғыл эвакуациялау қажеттігін мәлімдеген.

1 қазан күні Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге жүздеген баллистикалық зымыран ұшырды. Иерусалим мен Тель-Авив қалаларында жарылыс болды. 

Сондай-ақ оқыңыз