Қадыровтың 16 жасар ұлы жаңа қызметке тағайындалғаны үшін рекордтар кітабына енді

Жарияланды 5 Қазан 2024 15:51

(жаңартылды 5 Қазан 2024 15:51)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Малолетний сын Кадырова поставил новый рекорд
Қадыровтың 16 жасар ұлы рекорд орнатты / Фото: instagram.com/k95/

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың 16 жасар ұлы Адам Қадыров әкесінің қауіпсіздік күзетін басқарушы лауазымына тағайындалғаны үшін Ресейдің рекордтар кітабына енді.

2007 жылы туған Адам Қадыров 2023 жылдың соңында әкесін күзететін қауіпсіздік бөлімінің бастығы болып тағайындалған. Дегенмен оның бұл рекордты Ресейдегі кітапқа енді енгені белгілі болды. Бұл туралы Грозныйдағы ММА жарыстарында ғана хабарланды.

«Менің қолымдағы сертификаттағы рекорд бүгін орнатылмады, дегенмен біз қолайлы сәтті күттік», – деді Қадыровтың ұлына сертификатты тапсыру кезінде шара жүргізушісі.

Ресейлік РБК басылымы Адам Қадыровтың 2024 жылдың сәуірінен бастап Ресей Федерациясындағы Арнайы жасақ университетіне жетекшілік ететінін жазған. Тамыз айында жасөспірім атасы Шешенстандағы ең жоғары награда – Ахмат Қадыров орденін иеленген.

2023 жылы Адам Қадыров тергеу изоляторында Никита Журавель есімді азаматты соққыға жыққан. Журавель Құран кітабын өртегені үшін қамауға алынған. 

Сондай-ақ оқыңыз