Сұйылтылған газдың ішкі бағасын реттеуге байланысты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» үш жылда 48,1 млрд теңге жоғалтты
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» үш жылда сұйылтылған газдың ішкі бағасын реттеуге байланысты 48,1 млрд теңге жоғалтты. Бұл жөнінде dprom.kz басылымы жазды.
«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры әкімшілігінің басшысы Юрий Шикарев былтыр тұтынушыларға Жаңажол кен орнынан 484 мың 700 тонна сұйылтылған газ жеткізілгенін атап өтті. Биыл газ өңдеу зауыты 480 мың тонна шикізат өндіреді.
Жаңажолда өндірілген көгілдір отын да ішкі нарыққа шығарылуда. Былтыр 3,2 млрд текше метр газ жеткізілді. Бұл бағытта да кәсіпорын шығынға батқан. 2018-2024 жылдар аралығында зауыт 351,4 млрд теңге пайдадан қағылды.
Өндірілетін мұнайдың үштен бір бөлігі экспортталады. Бұл – пайда әкелетін экспорттық кіріс. Сыртқы нарықта орташа есеппен бір тонна мұнай 547,8 доллардан сатылса, Қазақстанда дәл осындай көлемнің бағасы 259,73 долларды құрайды.
«CNPS-Ақтөбемұнайгаз» – Ақтөбе облысындағы ірі өнеркәсіптік монополистердің бірі. 1997 жылдан бастап компания акцияларының басым бөлігі Қытайдың ең ірі мұнай-газ корпорациясына (CNPC) тиесілі.
2022 жылғы 2 қаңтарда Маңғыстауда автогаз бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етуден басталған шеру Қазақстан бойынша үлкен дүрбелеңге ұласты. Содан бері Үкімет сұйылтылған газ бағасын назарда ұстауға тырысты. 2023 жылы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Парламент Ақтөбе облысында сұйылтылған газдың тапшылығы жоқ деп мәлімдеді. Бұған дейін депутаттар дабыл қағып, Ақтөбеде әр айдың 20-ынан кейін сұйытылған газ қоры таусылып қалатынын, жанар-жағармай құю станциялары газды талонмен сатуға мәжбүр болатынын баяндаған.
Биыл да бірнеше өңірде сұйылтылған мұнай газ тапшылығы пайда болды. Энергетика министрі референдум күні шаруаларға көмек беру себебінен газ жеткізу мәселесі пайда болды деп түсіндірді.