Қазақстандықтардың 71,8% АЭС салуға келісім берген – Exit-poll нәтижесі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Exit-poll нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 71,8% АЭС салуға келісім берген / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еуразиялық интеграция институтының exit-poll мәліметтері бойынша қазақстандықтардың 71,8%-ы АЭС салуға келісім берген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Институт сауалнамасы 250 учаскені қамтыған. Оның ішінде 159 қалалық, 91 ауылдық учаскелерде сауалнама жүргізіліп, 30 546 азамат референдумда қалай дауыс бергендерін айтқан.

Сауалнама қорытындысы бойынша пікір білдірген қазақстандықтардың 71,8%-ы елде атом электр станциясын салуды қолдаса, 28,2%-ы қарсы шыққан.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, шетелдегі 74 учаскеде де дауыс беру аяқталып, комиссия жұмысын тоқтатқан. Жалпы 59 елде ашылған сайлау учаскелеріне жалпы саны 9976 қазақстандық азамат келіп дауыс берген.

Айта кетейік, Қазақстанда 6 қазанда өткен АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумда таңғы сағат 6:00-де басталып, кешкі 20:00-де тоқтатылды. Елдегі дауыс беру жасына жеткен азаматтардың 63,87%-ы, яғни 7 820 918 қазақстандық науқанға қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз