Жаңалықтар

Шахтинск қаласында мейрамханаға 46 млн теңге залал келтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Шахтинскіде мейрамханаға 46 млн теңге залал келтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында мейрамхана иесіне 46 млн теңге залал келтірген азамат Ресейден экстрадицияланған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыстың нәтижесінде мейрамхана иесіне 46 млн.теңгеден астам материалдық залал келтірілген», – делінген хабарламада.

2015 жылы оқиға болған кезде оның серіктестері жауапқа тартылған. Дегенмен күдікті жазадан қашып кеткен. Ол 2024 жылдың мамыр айында Ресейдің Ростов облысында ұсталып, елге қайтарылып, изоляторға қамалған.

Айта кетейік, күдікті заңға сәйкес, 10 жылдан 15 жылға дейін қамауға алынуы мүмкін.

Мұның алдында 167 млн теңгені қолды етіп, халықты алдап кеткен қазақстандық әйелдің Армениядан экстрадицияланғаны жөнінде хабарлағанбыз.