Үй алуға ақшаны қалай жинау керек? Балаға депозит ашудың артықшылығы неде?

Жарияланды 7 Қазан 2024 15:28

(жаңартылды 7 Қазан 2024 16:05)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Қазақстанда үй алуға ақшаны қалай жинау керек? / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Кез келген қазақстандық Алматы мен Астанадан үй алуды армандайтыны анық. Оның ішінде ипотека алмай, қарызға кірмей, ақша жинап үй алуды қалайтындар да көп. Қазақстанда үй алуға ақшаны қалай жинау керек? Бұл туралы кursiv.media мамандардан сұрап көрді.

«Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мадина Болатханқызының айтуынша, бала дүниеге келген кезден бастап үй алуға ақша жинау керек. Өздеріне ақша жинай алмай жүрген адамдар балаларына қалай ақша жинау керек екендігін білмейді.

«Кез келген адам қандай жалақыда болмасын, 30 мың теңге, 60 мың теңге болса да, алдымен өзіңізге де, балаңызға да депозит ашыңыз. Содан кейін қанша көлемде ақша салу қиын емес, сол соманы таңдап, депозитке салып отырыңыз», – дейді маман.

Оның сөзінше, бірінші кезекте ақша жинау әдебін қалыптастыру керек. Бастапқыда аз-аздан салып, кейін депозитке салатын соманы өсіруге болатынын айтады. Мәселен, алғашқы уақытта жалақының 10% депозитке аударып отырса, кейіннен 20-30% деп шетінен көтеру керек екенін атап өтті. Бұдан бөлек, маман балаға депозит ашудың артықшылықтарын айтады.

«Адамдар өз атына депозит ашып шешіп ала береді. Бүгін 10 мың теңге салса, ертең бір зат алатын кезде сол ақшасын шешіп алады. Ал балаға депозит ашқан жағдайда оны шешіп алу үшін бала құқығын қорғайтын органнан рұқсат қағаз алу керек», – дейді Мадина Болатханқызы.

Яғни 5 жастағы балаға депозит ашылса, оны шешіп алу үшін екінші ата-ананың рұқсаты мен арнайы органдардың рұқсат қағаздары керек. Бұл қиындықтар ақшаны шешіп алуды қиындатып қана қоймай, оның сақталып тұруына кепілдік болады. Осылайша баланың атындағы депозит тұрақты түрде өсіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыз