Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
орман шарушылықтарын
Қарағанды облысында өрт кезінде құтқарушы қаза тапты / Фото: архив kursiv.media

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы өрт сөндіруші-құтқарушы Хали Хайрат қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады!», делінген министрліктің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 қазанда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Қоянды ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп кеткен. Өрт шыққан орынға орман шаруашылығы, ТЖД және ерікті өрт сөндіру жасақтарының күштері дереу аттанған.

Алдын ала деректер бойынша, өрттің аумағы 3000 гектардан асты.

«Өрт сөндіру кезінде өңірдің ТЖД «СПиАСР» екі қызметкері және ерікті өрт сөндіру жасағының бір қызметкері күйік шалып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін тағы бір зардап шегушіні «Қазәуеқұтқару» АҚ тікұшағы Қарағанды қаласындағы ауруханаға жеткізді», – делінген министрлік хабарламасында.

Сол күні, 6 қазанда, дала өрті Павлодар облысының шекарасына дейін жетіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына тарады. Өрт орнына «Қазәуеқұтқару» кәсіпорнының тікұшақтары жіберілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін төтенше жағдайлар үшін Ресейден жеті тікұшақ сатып алынатына туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Қазақстанда су тасқыны, өрт сынды табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз