Орталық референдум комиссиясы 6 қазан күні өткен АЭС салу бойынша республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады.
Референдумдағы барлық учаскеде дауыстарды санау аяқталғанын ОРК төрағасы Нұркен Әбдіров мәлімдеді.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 284 487 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны 7 820 204 жалпы көрсеткіштің 63,66%-ды құрады. 5 561 937 адам, яғни 71,12%-ы «иә» деп дауыс берді.
Айта кетейік, Қазақстанда 6 қазанда өткен АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумда таңғы сағат 6:00-де басталып, кешкі 20:00-де тоқтатылды. Елдегі дауыс беру жасына жеткен азаматтардың 63,66%-ы, яғни 7 820 204 қазақстандық науқанға қатысқан.