Батыс санкция салған ресейлік екі олигарх – Олег Дерипаска мен Дмитрий Пумпянский Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі құрамынан шығарылды

Жарияланды
инвесторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазан айының басында Мемлекет басшысы Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа құрамын бекітті. Бір қызығы, онда «ТМК» (Трубная металлургическая компания – ред.) директорлар кеңесінің төрағасы Пумпянский мен RUSAL бірлескен компаниялардың президенті Олег Дерипаска тізімде жоқ.

Олег Дерипаска иелігіндегі RUSAL – әлемдегі ең ірі екі алюминий шығарушының бірі. Әлемдегі алюминий өндірісінің 7%-ын өндіреді. Бес құрлықтың 20 елінде жұмыс істейді.

2017 жылы Олег Дерипаска Кипр азаматтығын алғанымен, АҚШ-тың санкциясынан құтыла алмады. 2018 жылы «Кремль тізіміне» енді.

Дмитрий Пумпянскийге Украинаның аумақтық тұтастығын бұзғаны және Ресей агрессиясын қолдағаны үшін жеке халықаралық санкция салынған. 2022 жылдың наурыз айында бүкіл Еуроодақ елдерінің санкциясына ілікті. Өйткені, еурпалықтардың пікірінше, оның «Қырымды аннекциялап, Украинада тұрақсыздық жасаған Ресей үкіметінің табыс әкелетін экономикалық секторға қатысы бар».

Десе де, бұл – аталған кеңес құрамында ресейліктер қалмады деген сөз емес. «Лукойл» акционерлік қоғамының президенті Вадим Воробьев бар.

Сондай-ақ оқыңыз