Жаңалықтар

Ресейдің ауыл шаруашылық бақылау қызметі Қазақстанның қауын экспортына неге қарсы?

Қазақстандық қауындарды жинау мезгілі өтіп кеткен / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Ресейдің ауыл шаруашылық бақылау қызметінен қауындарға фитосанитарлық сертификаттарды беруді тоқтатуға өтініш білдірген хат келіп түскен жоқ. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өкілдері көрші елде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне фитосанитарлық сертификат беруді тоқтатуына қатысты осындай пікір білдірді.

«Қазақстандық қауындарды жинау мезгілі өтіп кеткен. Ресейге тек қана Өзбекстан мен Қырғызстанның қауындары реэкспорт ретінде өтпесе», – деп түсініктеме берді комитет.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің хабарлауынша, сайттағы жарияланым Ресейге Қазақстан өнімдерін тасымалдауға ресми түрде тыйым салу болып танылмайды. Сондықтан Қазақстан Ресейге экспортталатын карантинге іліккен өнімдерге фитосанитарлық сертификат беруді жалғастырып жатыр.

Қауындарға қатысты жағдайды Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ресми хат түскеннен кейін ғана қарастырмақ.

Ресейдің ауыл шаруашылығынан 2024 жылы 23 қыркүйекте фитосанитарлық сертификат беруді тоқтату туралы өтініш хат келген. Ол карантинге іліккен нысандарға – астыққа, өңделген өнімдерге, қызанақ және бұрыштарға, күнбағыс дәндеріне қатысты.

«Комитет барлық дәлелдеуші құжаттарды жіберуді сұрап, жауап хат жолдады. Бірақ әлі күнге дейін ресми жауап алған жоқ», – деп жауап берді комитет.

Мұның алдында Ресейдің ауыл шаруашылық бақылау қызметінен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне 2024 жылдың 7 қазанынан бастап жаңа піскен қауындарға (Қазақстаннан шыққан) фитосанитариялық сертификат беруді тоқтатуды сұрағаны туралы жазғанбыз.