Жаңалықтар

AIX-тегі сауда көлемі шамамен үш есе өсті

AIX-тегі сауда көлемі 2,7 есе өсті/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Жыл басынан бері Astana International Exchange (AIX) биржасында сауда-саттық көлемі айтарлықтай өсіп, соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш – $922 млн-ға жетті.

Astana International Exchange мәліметі бойынша 2024 жылдың үшінші тоқсанында AIX-тегі сауда көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе өсіп, $217 млн-ға жетті.

AIX ресми тізіміне 41 жаңа құрал қосылды. Соның нәтижесінде AIX-тегі бағалы қағаздар шығарылымы 131 эмитенттің 219 шығарылымымына дейін ұлғайды.

Қыркүйек айында 18 жаңа листинг тіркелді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.  Биржаның сауда мүшелері мен депозитарий қатысушыларының жалпы саны 56-ға жетті, оның 22-сі – Еуропа, ТМД, араб елдері мен Қытайдың шетелдік компаниялары.

Шетелдік инвесторлардың акциялармен сауда-саттыққа қатысуы шілдеде 11%, тамызда 21% және қыркүйекте 17% құрады. AIX Qazaq Index жыл басынан бері 12.4%-ға өсті.

Tabys мобильді қосымшасы арқылы сауда-саттық көлемі жыл басынан бері $9 млн құрады, ал белсенді инвесторлар саны 18,9 мың адамға жетті.

Жаңа бастамалар:

  • орнықты қаржыландыруды қолдауға арналған I-REC жаңартылатын энергия сертификаттары енгізілді;
  • өтімділікті арттыруға арналған «Демеушілік жасалмайтын листинг» сегменті іске қосылды;
  • акцияларды AIX-те листингтеу үшін free-float шегі 25%-дан 10%-ға дейін төмендетілді.

AIX Qazaq индексі үшінші тоқсанда 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4%-ға өсті. Көрсеткіш 23 тамызда ең жоғары мәнге жетті – 1 401,28 балл. 7 қазандағы жағдай бойынша ол 1 379,46 баллды құрайды.

Жылдың тағы бір жаңалығы – AIX және Muscat Stock Exchange өңірлік және жаһандық нарықтарды біріктіретін Tabadul платформасы арқылы кросс-листинг пен сауданы оңтайландыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.