Exit poll нәтижесі бойынша АЭС салуды қолдап дауыс бергендер саны 69,8% болды
Exit Poll АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумның алдан ала нәтижесі шықты. Оны «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев жариялады.
Әлібек Тәжібаевтың мәліметінше, референдум қатысушыларының 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға қарсы еместігін білдіріп, бұл бастаманы қолдаған. Ал 30,2 %-ы керісінше, атом электр станциясының құрылысына келіспейтінін жеткізіп, қарсы шыққан. Жеке қор талдаушысы үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылғанын атап өтті.
«Олардан референдум аясында қойылған «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» сұрағына қалай жауап бергені сұралды. Exit-poll нәтижелері қорытындысы мынадай: Дауыс беруге қатысқан сауалнамаға қатысқан азаматтар санының 69,8%-ы АЭС құрылысын «қолдап» дауыс бергендерін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысушылардың 30,2%-ы өздерінің келіспейтіндерін айтқан. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3% деңгейінде тіркелді. Деректердің қателігі – ± 1,5% құрайды», – деді Әлібек Тәжібаев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.
Айта кетейік, 6 қазанда, Қазақстанда АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтті. Елде 84 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Кешкі 20:00-де дауыс беру тоқтатылды. Жалпы ел азаматтарының 63,87%-ы дауыс берген. Орталық референдум комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 7 820 918 сайлаушы референдум учаскелеріне барып, АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымдарын жеткізді.