Ұн тартатын кәсіпорын басшылығы зауытта қайтыс болған 4 адамның біреуін ғана білетінін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Руководство мукомольного завода, где погибли 4 человека, заявило, что знает только одного из них
Ұн тартатын кәсіпорын басшылығы зауытта қайтыс болған 4 адамның біреуін ғана білетінін айтты / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

6 қазанда төрт адамның денесі табылған Imperial Agro Group ЖШС ұн тарту кәсіпорнының басшылығы марқұмдардың біреуінің ғана зауыт қызметкері болғанын мәлімдеді. Облыстағы мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеуді бастады.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сүйенсек, Қостанай облысындағы Imperial Agro Group ЖШС жалға алып отырған ұн тарту кәсіпорыны өкілдері қаза тапқандардың біреуін ғана танитын болып шыққан. Осыған дейін кәсіпорындағы бес метрлік бункерді тазалау кезінде 4 адам қайтыс болғанын жазған едік.

8 қазанда қаза тапқандардың бірі Е. Бошықов зауытта технолог болып жұмыс істеген.

«ЖШС директоры басқа қаза тапқандарды танымайды. Олармен кәсіпорынмен еңбек шарты жоқ», — дейді Еңбек министрлігі.

Қайтыс болған азаматтардың үшеуі зауытта жұмыс істемегеніне байланысты Қостанай облысындағы мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеу жұмыстарын бастады.

Imperial Agro Group ЖШС 2023 жылдың қаңтарында тіркелген. eGov.kz мәліметтеріне сәйкес, компанияның құрылтайшылары — Наими Башир Ахмад және Наими Мена.

Сондай-ақ оқыңыз