Адамдардың смартфон таңдауы жеке өміріне әсер ете ме?

Жарияланды 8 Қазан 2024 15:34

(жаңартылды 8 Қазан 2024 17:37)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Android әлде iPhone / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

All About Cookies жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, смартфон таңдауы адамдардың жеке өміріне де әсерін тигізуі мүмкін.

Зерттеу нәтижесінде iPhone пайдаланушыларының 19%-ы Android қолданатын адамдармен кездесуден бас тартады екен, ал 18-34 жас аралығындағы пайдаланушылардың арасында бұл көрсеткіш 32%-ды құрайды.

Сонымен қатар, Android қолданушыларының 10%-ы ғана iPhone ұстайтындармен қарым-қатынас құрғысы келмейтінін айтқан.

iPhone ұстайтындар әлеуметтік желілер мен сәнге қызығушылық танытатындығы туралы стереотиптер де бар. Сауалнама нәтижелері бойынша, Android қолданушыларының 52%-ы өздерінің құрылғыларын өзгерткісі келмейді, ал 56%-ы iPhone-ның бағасы тым қымбат деп санайды. Осылайша, смартфон түрін таңдаудағы айырмашылық тек технологиялық емес, әлеуметтік және қаржылық факторлармен де байланысты болып тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Apple бағасы ұтымды iPhone SE моделінің жаңартылған нұсқасын шығаратыны туралы мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары iPhone 16 алу үшін қанша жалақысын жұмсауы керек туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз