Lifestyle

Hyundai АҚШ-та жаңа электромобильдер шығара бастады

Hyundai АҚШ-та жаңа электромобильдер шығара бастады / Фото: Associated Press

Кореялық автокөлік өндіруші Hyundai Motor Group АҚШ-тың Джорджия штатындағы зауытында жаңа электромобильдер шығара бастады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Шетелдік басылымның мәліметінше, зауыт құрылысы екі жыл бұрын басталып, қазір жылына 300 мың электрокар шығаратын қуаттылыққа ие. Кәсіпорынның құны 7,6 млрд долларды құрады. Сонымен қатар зауытта аккумуляторлар да өндірілетін болады.

Компания өкілі зауыттың ресми ашылу салтанаты 2025 жылдың бірінші тоқсанында өтетінін мәлімдеді. Алайда алғашқы электромобильдер биылғы жылдың соңына дейін америкалық автодилерлерге жеткізіледі. Өндіріс Ioniq 5 моделінен басталды, бұл модель 2024 жылдың бірінші жартысында Tesla-дан кейін АҚШ-тағы ең көп сатылған электромобиль болды.

Жалпы алғанда, Hyundai компаниясының АҚШ-тағы сатылымдары биылғы үшінші тоқсанда өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға өсіп, 210 971 көлікті құрады.

Кореялық авто компания акциялары 8 қазан, сейсенбі күнгі саудада 0,4%-ға төмендеді, алайда жыл басынан бері компанияның нарықтық құны 21%-ға өсті.

Бұған дейін, Hyundai 2025 жылғы Elantra моделінің жаңартылған нұсқасын таныстырған еді.

Сондай-ақ Қазақстанда жаңа Hyundai Tucson моделі сатылымға шыққаны туралы жазған едік.