Toyota енді олимпиада ойындарына демеушілік көрсетпейді

Жарияланды 8 Қазан 2024 17:00

(жаңартылды 8 Қазан 2024 17:09)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Toyota Олимпиада ойындарына демеушілік жасамайды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жапондық автоөндіруші Toyota Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) демеушілік көрсетуді тоқтатты. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Акио Тойода мәлімдеді.

Компанияның мәліметінше, Олимпиада ойындары саясиланып бара жатыр, ал спортшылардың мүддесі артта қалып қойған. Ол бұл шешімді YouTube-тегі компания арнасында жария етті.

Toyota 2015 жылы ХОК-пен 10 жылдық демеушілік келісімшартқа қол қойған еді. Бірақ Париждегі Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін компания бұл келісімшартты жалғастырудан бас тартты. Сонымен қатар, Тойода қазіргі уақытта компания өнімдерінде қолданылып жүрген Олимпиада логотиптерін біртіндеп алып тастайтынын және компания көліктері Олимпиадаға ұсынылмайтынын айтты.

Дегенмен Тойода Олимпиадаға және Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға, сондай-ақ Паралимпиада ойындарына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде берді.

Айта кетейік, Toyota-мен ХОК арасында 835 миллион долларлық келісімшарт 2015 жылы жасалған және бұл ХОК тарихындағы ең үлкен келісім болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға ресми түрде Toyota Camry 80 келгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз