Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,12%-ы АЭС салу бойынша бастаманы қолдады. ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, дауыс беру нәтижесінде азаматтардың 71,12%-ы келісім берді. Қарсы дауыс бергендердің саны – 2 045 271 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 130 267.
Референдумға барлығы 7 820 204 қазақстандық қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, егер референдумда қолдау тапса, АЭС-ты халықаралық консорциум құру арқылы салуды ұсынды. Бұл шешім атом саласындағы қауіпсіздік пен технологиялық жетістіктерді қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 6 қазанда өткен АЭС салуға қатысты жалпыұлттық референдумда таңғы сағат 6:00-де басталып, кешкі 20:00-де тоқтатылды. Елдегі дауыс беру жасына жеткен азаматтардың 63,66%-ы, яғни 7 820 204 қазақстандық науқанға қатысқан.