Автокөлікпен және теміржол арқылы цистернамен заңсыз шығарылады: ҚМА мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы 1 млрд теңгеге жуықтағанын хабарлады
Мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымы 900 млн теңгені құраған. Тек қазақ-қырғыз шекарасының өзінен айына 10 мың тоннаға жуық жанар-жағармай заңсыз шығарылады. Бұл жайлы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағармайды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша ведомствоаралық кездесу өткен.
ІМ, Көлік министрлігінің көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, сондай-ақ Энергетика министрлігі, ТЖМ, ҰҚК Шекара қызметі, ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті және «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мәселісі қаралған. Агенттік мәліметінше, қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген жанар-жағармай өнімдерінің «сұр» экспорты артқан.
«Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетіледі. Сондай-ақ, жағармай құжаттарға жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері кездеседі»,- делінген хабарламада.
Осыған байланысты агенттік тарапынан жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша бірлесіп әрекет ету туралы шешім қабылданған. Оған сәйкес, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленген.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымын төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесінде автомобиль және теміржол көлігімен мұнай өнімдлерін заңсыз өндіру, өңдеу және тасымалдау фактілері боййыншағ осы жылы 21 қылмыстық іс қозғалған. Ал жалпы мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының көлемі 3ғ5 мың тоннаға жетіп, құны 900 млн теңгеден асқан.
Еске сала кетсек, Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынын Қазақстаннан әкетуге тыйым салған болатын. Тыйымға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынған.