Астанада әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Rolex SA компаниясының талабы бойынша бәсекелес тауар белгісінің күшін жоюды мақұлдады

Жарияланды (жаңартылды )
Rolex SA компаниясының талабын Астана соты мақұлдады/ Фото: shutterstock

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы «C.» тауар белгісінің күшін жоюды мақұлдады. Сонымен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылдың 12 шілдеде қабылдаған шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан азаматына тіркелген «C.» тауар белгісіне Rolex SA компаниясы шағым түсірді.

Rolex SA осы тауар белгісінің күшін жоюды талап етті. Шағымданушы «C.» және COSMOGRAPH тауарлық белгілерінің ұқсас екендігін, сондықтан өз брендімен жаңылыстыруға алып келетінін алға тартқан.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 2024 жылдың 20 ақпанында ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесі «C.» тауар белгісінің күшін жоюдан бас тартқан.

Сот істі қарау кезінде швейцариялық Rolex SA компаниясының 1961 жылдың 4 мамырынан бері халықаралық тіркеу бойынша COSMOGRAPH тауар белгісінің иесі екенін анықтаған. Rolex SA сағат түрлері мен оның бөлшектерін нарыққа шығарады. «C.» белгісі де осы тауарға және сервиске қатысты болып шықты.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің шешімін заңсыз деп таныды.

Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылдың қаңтар айында Ұлыбританияның ең ірі Rolex сатушысы Watches of Switzerland Group акциялары Лондондағы саудада құлдырады. Компания сол кезде кіріс бойынша болжамын төмендеткен.

Сондай-ақ оқыңыз