Жаңалықтар

Астана соты бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды / Фото: kursiv.media архиві

Астана соты бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін тағы 3 айға ұзартқан. Экс-министр 21 желтоқсанға дейін қамауда болады. Бұл ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады.

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды: 2024 жылдың 21 қаңтарына, одан кейін 21 маусымға дейін.

Бекетаев осыдан 1 жыл бұрын, 2023 жылдың қазан айында қамауға алынған болатын. Оған «үлескер компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен көлемде шығын келтірді» деген айып тағылған. Ол «Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген.

Айта кету керек, Марат Бекетаев Назарбаев президент болып тұрған тұста 2016 жылғы 13 қыркүйекте және 2019 жылғы 25 ақпанда, яғни екі рет Әділет министрі болып тағайындалған еді.

Биыл шілдеде Антикор Әділет экс-министрі Марат Бекетаев пен Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.