Қаржы министрлігі мемлекетке төлейтін салығы аз, шығыны көп компанияларға тексеру жүргізілетінін ескертті

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Декларациясын дұрыс тапсырмаған кәсіпкерлер тексеріледі / Фото: shutterstock.com/

Қаржы министрлігі декларациясында кірісті төмендетіп, шығысын асыра көрсеткен компанияларға салық тексерісін жүргізетінін ескертті.

Мемлекеттік кірістер комитеті декларациясында қосылған құн салығы бойынша қате дерек көрсеткен кәсіпкерлерге хабарлама жіберген.

Бақылау хабарламалары кәсіпкерлердің 2021 жылдың 3-тоқсаны мен 2024 жылдың екі тоқсаны үшін тапсырған есептері негізінде жіберілген. Хабарламаға сәйкес, салық төлеушіге отыз жұмыс күні (немесе шамамен 45 күнтізбелік күн) беріледі.

Егер кәсіпкер комитет ескертпесімен келіссе, қосымша салық есебін тапсыруы керек. Ал хабарламада көрсетілген фактілермен келіспесе, есеп беру шарттары бұзылмағанын және дұрыс есеп бергенін түсіндіруі шарт.

«Салық кодексі нормаларына сәйкес, хабарламадағы анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда салық органдары салықтық тексеру жүргізуге құқылы», – делінген комитет хабарламасында.

Биыл жазда Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнеске арналған салық режимдерінің санын қысқартуды ұсынған. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин  ШОБ-қа арналған тек үш салықтық режимді қалдыру керек деп есептейді.

Салықты оңтайландырып, заңды жолмен салықты қалай аз төлеуге болатынын мына жерден оқыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз