Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиесілі болған активтерді сатып алушы табылмады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қос нысан аукционы өтпеді / Фото: e-auction.gosreestr.kz

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» электронды сауда алаңына «Тұлпар» ЖШС мен «Zharkent Su» ЖШС үлесін шығарған. Басқару компаниясы «Тұлпардың» бастапқы сомасы 991 млн теңге деп белгілесе, `»Zharkent Su» ЖШС-ны кемі 593 млн теңгеге бағалаған. Сауда-саттық 9 қазан, сағат 10-00 белгіленген еді. Алайда бұл компанияларды сатып алушы табылмай, аукцион өтпеді.

БАҚ «Тұлпар» ЖШС мен Zharkent Su ЖШС-ның Қайрат Шәріпбаевтың қызына тиелісі болғанын жазады. Ал аукцион құжаттарында екі серіктестіктің бұрынғы иелерінің есімі маркермен боялған.

Egov.kz мәліметінше, «Тұлпар» компаниясының құрылтайшысы «Bekem Partners» ЖШС болған. Ал бұл компанияның құрылтайшылары – «Asia W Partnership» ЖШС және «Stroy System Engineering» ЖШС.

Бұл компаниялар Қайрат Шәріпбаевтың қызы Қорлан Шәріпбаеваға тиесілі. «Asia W Partnership» ЖШС басшысы Расул Орынбетов болса, «Stroy System Engineering» ЖШС-кі Садықов Ермек деп көрсетілген. Egov.kz берген анықтамада қос кос компания құрылтайшысы Шәріпбаева Қорлан Қайратқызы деп жазылған. Ал Қайрат Шәріпбаев бұрын QazaqGas компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

«Zharkent Su» компаниясын еgov.kz арқылы тексергенімізде, компанияның бұрынғы құрылтайшылары туралы ақпарат шықпады. Қазір екі компанияның жарғысына өзгеріс енгізіліп, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» иелігінде тұр.

Бұған дейін Астананың сол жағалауында орналасқан үш жұлдызды «Думан» қонақүйі аукцион арқылы сатылымға шығарылды. Бұл нысан да Қайрат Шәріпбаевтың қызының атына жазылған мүлік болған.

Сондай-ақ оқыңыз