Astana LRT экс-басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
LRT-ға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен «Астана Банк» АҚ-ның бұрынғы негізгі акционері Олжас Тоқтаровқа қатысты қылмыстық істерді сотқа жіберді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Бигайдаровтың айтуынша, тергеу барысында күдіктілерді жауап алу үшін шақыруға қажетті шаралар қабылданды. Алайда күдіктілер Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан және жауап алудан жалтарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 205-бабының 3-бөліміне сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында күдіктілерге шақырту жариялады. Дегенмен олар жауап алуға келмеді. Тергеу барысында жиналған дәлелдер негізінде олардың ауыр қылмыс жасағаны сырттай дәлелденді. Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдарымен танысу жүріп жатыр. 19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жіберілді», – деді Данияр Бигайдаров Антикордың брифингінде.

25 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Олжас Тоқтаровтың ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілігуіне байланысты, оған шақырту қағазын жіберген еді. Агенттік күдіктінің Қазақстан аумағынан тыс жерде жүргенін, сол себепті күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру жіберіп жатқанын ескертті.

Еске сала кетейік, Астана қаласында бірталай жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған LRT құрылысы жемқорлықтың мемориалына айналып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз