Дастан Рыспеков Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды

Жарияланды
Дастан Рыспеков бұған дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болған / Фото: primeminister.kz; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындады. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.

Жаңа тағайындалған әкім осыған дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Дастан Рыспеков 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.  

Өзінің еңбек жолын Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.  

Солайша 2007-2016 жылдар аралығында Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық қызметтер атқарған.

Ал 2018-2019 жылдар аралығында Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры болған.

Ұлытау облысы әкімдігіне ауыспай тұрып, 2020-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Ата кетейік, бүгін, 9 қазан күні президент Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қызметінен босатты.

Сондай-ақ оқыңыз