Жаңалықтар

Қазақстанда құқық қорғау органдарының 50-ге жуық қызметкері азаптау дерегі бойынша сотталды

фото: kursiv.media

Бір жыл ішінде Қазақстанда құқық қорғау органдарының 50-ге жуық қызметкері азаптау фактісі бойынша сотталды. ҚазТАГ-тың жазуынша, қазақстандық омбудсмен Варшавадағы конференцияда мәлімдеме жасады.

«2023 жылы 47 құқық қорғау қызметкері адам азаптағаны үшін сотталды, бұл жалпы өткен үш жылдағыдан көп. Бұл осы құбылысты жоюға бағытталған мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді», – деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев. Омбудсмен сәрсенбі күні өткізген Варшавадағы конференция аясында қосымша іс-шараның қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады.

Атап өткендей, соңғы бес жылда 162 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған.

«Сонымен қатар, өткен жылдан бастап сотталғандарға медициналық көмек көрсету өкілеттігі Денсаулық сақтау министрлігіне берілді, бұл азаптау деректерін тіркеуде ведомстволық араласу күшін жояды. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінің 79 мекемесі 38 мыңнан астам сотталушыға қамалған. Нәтижесінде медициналық көмек алатын сотталғандардың саны екі есе артты.

Атап айтқанда, стационарлық емделу көрсеткіші бес есеге өсті. Қабылданған шаралар елде азаптау фактілерін тіркеудің төмендеуіне әкелді. 2023 жылы 50%-ға (920-дан 462-ге), ал 2024 жылдың сегіз айында 21%-ға (315-тен 219-ға) азайғаны байқалды. Алдыңғы бес жылда жыл сайын 600-700 өтініш тіркелетін», – делінген хабарламада.

Бір ай бұрын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев колониялардағы жағдайды сынаған. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетілмейді.  Темір тордың ар жағында мүмкіндігі шектеулі 763 адам жазасын өтеп жатыр. Оның 732-сі ерлер болса, 31-і әйелдер.